Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жартылай финалына өтті
Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан ATP Challenger санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.
sports24.kz
Үш сетке созылған ауыр жеңіс
Ширек финалда Скатов Италия өкілі Джанмарко Ферраримен күш сынасты. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылып, тартысты өтті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте тай-брейкте 6:7 есебімен ұтылып қалды. Алайда шешуші үшінші сетте Скатов 6:2 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына аяқтады.
Қарсыластар тарихы
Бұл кездесуге дейін Скатов пен Феррари кортта бір-біріне қарсы ойнамаған еді.
Жартылай финалда Тимофей Скатов Монако елінің теннисшісі Валентен Вашеромен кортқа шығады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet