
Қазақстандағы жылдың ең маңызды теннис додаларының бірі — ATP 250 Almaty Open жақындап келеді. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, турнирге қатысатын тағы үш мықты ойыншының есімі белгілі болды.
Брендон Накашима (АҚШ) — ATP турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы (бірі жекелей сында), 2022 жылғы Next Generation ATP Finals чемпионы, қазіргі әлемдік рейтингте 32-орында.
Хамад Медьедович (Сербия) — 2023 жылғы Next Generation ATP Finals жеңімпазы, ATP рейтингінде 64-орында. 2023 жылы Астана Open-де wild card арқылы қатысып, жартылай финалға дейін жетіп, сенсация жасаған.
Лучано Дардери (Италия) — жекелей сында ATP турнирінің екі мәрте жеңімпазы, рейтингте 32-орында.
Қазақстан намысын қорғайтын Александр Шевченко — еліміздің екінші ракеткасы.
Бұған дейін Almaty Open-ге қатысатыны белгілі болған ойыншылар:
ATP 250 Almaty Open — тек Қазақстан емес, бүкіл Орталық Азия үшін беделді теннис оқиғасы. Әлемдік рейтингтегі үздік ойыншылардың қатысуы турнирдің мәртебесін арттырып қана қоймай, отандық жанкүйерлерге жоғары деңгейлі матчтарды тамашалау мүмкіндігін береді.
Турнир уақыты мен билеттер жайлы ақпарат жақын күндері жариялануы тиіс.