Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік ATP рейтингінде 19-орында тұрған Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласындағы ATP-250 турнирінің чемпионы атанды.
Шешуші ойында Бублик Франция теннисшісі Валентен Ройеге (ATP рейтингі – 88) қарсы шығып, екі сетте де тай-брейкте жеңіске жетті — 7:6, 7:6.
Бұл нәтиже қазақстандық теннисшінің маусымдағы сенімді формасын тағы бір дәлелдеді.
Бублик турнир барысында мықты қарсыластарды бірінен соң бірін жарыс жолынан шығарды:
Финалға дейінгі әрбір ойында қазақстандық теннисші өз үстемдігін айқын көрсетті.
Ханчжоудағы жеңістен кейін Бублик маусымдағы бесінші титулын иеленді. Бұған дейін ол мынандай ірі жарыстарда топ жарған: