Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Александр Бублик Венадағы турнирде ТОП қарсыласын сенімді жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде – 16-орын) Австрия астанасы Венадағы ATP 500 турнирінде жеңісті сериясын жалғастырып келеді.

Александр Бублик Венадағы турнирде ТОП қарсыласын сенімді жеңді
universtennis.com

1/8 финалдағы сенімді ойын

Бублик турнирдің 1/8 финалында аргентиналық Франсиско Серундоломен (21-орын) кортқа шықты. Матч небәрі 1 сағат 6 минутқа созылып, қазақстандық теннисші екі сетте де қарсыласынан басым түсті — 6:4, 6:2.

Бұл жеңіс Бубликтің Вена турниріндегі екінші сенімді нәтижесі болды. Бұған дейін алғашқы айналымда чилилік Алехандро Табилоны (75-орын) 6:4, 6:4 есебімен жеңген.

Турнирдің жүлде қоры мен фавориттер

2025 жылғы Вена турнирінің жалпы жүлде қоры — 2 736 875 еуро. Ал жеңімпаз 511 835 еуро мен 500 рейтингтік ұпайды иеленеді.

Айта кетейік, былтырғы турнирдің чемпионы — британдық Джек Дрейпер (қазіргі таңда әлемдік рейтингте 9-орында).

Енді Бублик ширек финалда Янник Синнер мен Флавио Коболли арссындағы жеңімпазбен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір