Елена Рыбакина Жапониядағы ірі турнирдің жартылай финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Ширек финалда отандасымыз канадалық теннисшыдан басым болды.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орында) Жапонияның Токио қаласында өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшының қарсыласы канадалық Виктория Мбоко (23-орын) болды. Нәтижесінде Рыбакина екі сетте жеңіске жетті — 6:3, 7:6 (7:4). Ойын 1 сағат 27 минутқа созылды.

Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің жартылай финалына шықты, онда ол Чехия өкілі Линда Носковамен (17-орын) кездеседі. Сонымен қатар, қазақстандық теннисші қараша айының басында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін WTA қорытынды турниріне қатысуға жолдама алды.

Токио турнирінің жүлде қоры биыл 1 064 510 долларды құрайды. Жеңімпаз 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір