Рыбакина үздік алтылыққа кірді.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Бірінші орында — әлі де Беларусь спортшысы Арина Соболенко. Екінші орында — польшалық Ига Швёнтек, ал үздік үштікті америкалық Кори Гауфф түйіндеп тұр.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина бір саты жоғары көтеріліп, алтыншы орынға шықты. Еске сала кетейік, өткен аптада Рыбакина Токио (Жапония) турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, жарақатына байланысты ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, Елена WTA қорытынды турниріне жолдама алды.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жеті орын төмендеп, 76-орынға түсті.
Жұптық разрядта алғашқы орынды чехиялық Катержина Синякова сақтап қалды. Екінші орында — америкалық Тейлор Таунсенд, ал үшінші орынды италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани бөлісуде.
Қазақстандық жұптық ойыншылар арасындағы үздік нәтиже — Анна Данилинаның еншісінде, ол 13-орында қалды. Путинцева бір саты төмендеп — 104-орында, ал Жибек Қуламбаева үш орынға сырғыды — 134-орын.