Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Александр Бублик Париждегі «Мастерсті» сәтті бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 16-нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Париждегі ATP Rolex Masters 2025 турнирінің екінші айналымына жолдама алды. 

Александр Бублик Париждегі «Мастерсті» сәтті бастады
tennismajors.com

Бір сағаттан астам созылған матч

Бублик турнирдің алғашқы айналымында Бублик австралиялық Алексей Попыринді (ATP рейтингінде 47-орында) екі сетте 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Александр Бублик матч барысында 10 эйс орындап, төрт қос қате жіберді. Ал Попыриннің еншісінде 2 эйс, 3 қос қате және 4 мүмкіндіктің біреуін ғана жүзеге асырған брейк бар.

Келесі қарсылас

Париждегі турнирдің екінші айналымында Бублик француз Корентен Муте мен америкалық Райли Опелка арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

Соңғы айларда тұрақты ойын көрсетіп жүрген Александр Бублик Париждегі «Мастерсте» жоғары нәтижеге ұмтылуда. Оның қуатты алға асырған добы мен агрессивті тактикасы бұл турнирде басты артықшылықтарының бірі болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір