ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Юлия Путинцева Қытай турнирінің иесін ойсырата жеңді

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Цзюцзян қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы хард турнирінде жергілікті спортшыны еш мүмкіндік қалдырмай ұтты.

Юлия Путинцева Қытай турнирінің иесін ойсырата жеңді
sportarena.kz

Путинцева 1/8 финалда  әлемдік рейтингтің 309-шы сатысындағы қытайлық Ушуан Чжэнмен кездесті. Бар болғаны 1 сағат 5 минутқа созылған матчта, Юлия қарсыласын екі сетте 6:2, 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін қос теннисші бір-бірімен кездеспеген.

Ширек финалда Юлия Путинцева Швейцария өкілі Виктория Голубичпен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?