Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

38 жастағы теннисші АТР тарихында рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі

Афиныдағы турнирде жеңіске жеткен ол АТР тарихында жасы ең үлкен чемпион атанды.

38 жастағы теннисші АТР тарихында рекорд орнатты
matchtv.ru

Сербиялық теннис аңызы Новак Джокович 38 жасында тағы бір белесті бағындырды. 24 дүркін «Үлкен дулыға» иегері тағы бір рекордтың авторы атанды. Дәлірек айтқанда, ол Афиныда өткен АТР турнирінде финалда италиялық Лоренцо Музеттиден тартысты матчта басым түсті — 4:6, 6:3, 7:5. Бұл жеңіс Джоковичке тек титул емес, тарихта қалатын мәртебе де сыйлады. 38 жас 5 айында ол АТР турнирлерінің ең жасы үлкен жеңімпазы атанды.

Джоковичтің Афиныдағы жетістігі оны АТР тарихының үздік «қарт чемпиондары» тізімінің шыңына шығарды. 

Новак Джокович — 38 жас, 5 ай (Афины-2025)
Гаэль Монфис — 38 жас, 4 ай (Окленд-2025)
Роджер Федерер — 38 жас, 2 ай (Базель-2019)
Новак Джокович — 38 жас, 2 күн (Женева-2025)
Роджер Федерер — 37 жас, 10 ай (Галле-2019)
Фелисьяно Лопес — 37 жас, 9 ай (Лондон-2019)

Бұдан бөлек, Афиныдағы жеңіс Джоковичтің кәсіби мансабындағы 101-ші ATP титулы болды. Бұл көрсеткіш оны Роджер Федерер мен Рафаэль Надаль секілді даңқты қарсыластарымен қатар қояды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір