Жуырда Әйелдер теннис қауымдастығының YouTube-арнасында отандасымызға арналған 30 минуттық видео жария болды.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның 2025 жылғы маусымдағы ең әсерлі сәттерінен құралған бейнеролик жариялады. «Елена Рыбакинаның 30 минуты» атты видео YouTube платформасында жарық көрді.
2025 жыл Рыбакина үшін нағыз тарихи маусым болды. Қазақстанның басты теннис жұлдызы екі бірдей беделді WTA 500 турнирінде топ жарды:
Маусымның шарықтау шегі Эр-Риядтағы WTA-2025 қорытынды турнирі болды. Онда Елена финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, мансабындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2025 жылы тағы бір ерекше жетістікке жетті — ол соңғы тоғыз жылда алғаш рет маусым ішінде 500-ден астам эйс жасаған (нақты саны — 516 эйс).