Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

14 жастағы қазақ теннисшісі АҚШ-та тарих жазды

Сарапшы, спорт журналисі

АҚШ-та өтіп жатқан әйгілі Eddie Herr-2025 турнирінде Ахмади Маханов тарихи нәтиже тіркеді. Ақтөбе теннис мектебінің өкілі беделді додада жартылай финалға шыққан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды.

14 жастағы қазақ теннисшісі АҚШ-та тарих жазды
instagram/@ahmadi_mahanov

Майамидегі сенсация

АҚШ-тың Майами қаласындағы корттарда 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтетін Eddie Herr-2025 турнирінің жартылай финалистері анықталды.

Сол тізімде Қазақстан теннисі тарихына енген жаңа есім Ахмади Маханов та бар. Ол осы турнирдің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық юниор болып отыр.

Қиын тай-брейктегі мінез

Ахмади ширек финалда аса мықты қарсыласпен жолықты – турнирдің төртінші ракеткасы, Қытай өкілі Ванг Боши. Матч тізгіні ақтөбелік теннисшінің қолында болды. Бірінші сет – 6:2,екінші сет – 7:6, тай-брейк – 13:11. Осылайша Маханов тартысты тай-брейкте жеңісті жұлып алып, тарихқа енетін жартылай финал билетін жеңіп алды.

Енді 14 жастағы қазақстандықтың финал жолындағы келесі қарсыласы – Венесуэла елінен келген Мехис Игнасио.

Өзге қазақстандықтар да жақсы нәтиже көрсетті

Eddie Herr-2025 турнирінде өзге қазақстандық жас ойыншылар да жаман нәтиже көрсеткен жоқ:

  • Айым Канагэғатова жарысты іріктеу кезеңінен бастап, негізгі сеткаға өтіп, үшінші айналымға дейін жетті;
  • Аңсар Ниетқалиевке жартылай финалға шығу үшін аз ғана ұпай жетпей қалды.

Eddie Herr турнирі деген не?

Eddie Herr International Junior Championship – әлемдегі ең танымал жасөспірімдер турнирлерінің бірі. Ол жыл сайын төрт жас санатында өтеді және Ник Боллеттьери академиясының корттарында ұйымдастырылады.

Додаға жыл сайын шамамен 1500-ге жуық әлемнің ең үздік юниор теннисшілері жиналады.

Кезінде осы турнирден өткен аңыз ойыншылар:

  • Роджер Федерер
  • Мария Шарапова
  • Энди Роддик
  • Давид Налбандян
  • Анна Курникова және басқа да жұлдыздар

Енді осы қатарға Ахмади Махановтың есімі де жас жұлдыз ретінде қосылып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір