Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Теннистегі келісілген ойындар былығы ашылды

Сарапшы, спорт журналисі

Келісілген матчтар ісі бойынша бірнеше кәсіби теннисші тергеуге шақырылып, кінәсін мойындады.

Теннистегі келісілген ойындар былығы ашылды
Квентин Фольо. Фото: instagram.com/quentinfolliot

Өткен аптада бұрын әлемдік рейтингте 488-орында тұрған француз теннисшісі Кентен Фольо келісілген матчтарды ұйымдастырғаны үшін 20 жылға дисквалификация алғаны белгілі болды. Бұл дау аясында барлығы жеті адамға айып тағылып, тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Осы жағдайдан кейін француз теннисшісі Марин Порто да мансабында кездескен күмәнді оқиғалармен бөлісті. Оның айтуынша, бір турнир барысында белгісіз адам оған әдейі гейм ұтылып беру үшін қаржылай ұсыныс жасаған.

«Румынияда өткен турнир кезінде бір жігіт маған келіп, “егер бірінші геймде әдейі жеңілсең, матч аяқталған соң бірден қолма-қол 1000 еуро беремін” деді. Алғашында бұл ұсынысқа сенбедім. 1000 еуро — сырт көзге аса үлкен сома болып көрінбеуі мүмкін, бірақ дәл сол ақша турнирдің барлығын жеңіп шықсам да алатын сыйақыма тең еді. Сондықтан бұл ұсыныс маған шындыққа жанаспайтын, бос әңгіме сияқты әсер қалдырды», — деді теннисші.

Бұл мәлімдеме кәсіби теннистегі келісілген матчтар мәселесінің әлі де өзекті екенін және төменгі деңгейдегі турнирлерде спортшыларға жасалатын қысымның қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір