Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің аралас жұптар бәсекесінде америкалық Джеймс Трейсимен бірге 1/8 финалда Лейла Фернандес/Ник Кирьос дуэтімен кездесті.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open-2026 додасының аралас жұптар санатында екінші матчын өткізді.
Америкалық Джеймс Трейсимен бірге өнер көрсетіп жүрген Данилина 1/8 финалда канадалық-австралиялық Лейла Фернандес/Ник Кирьос дуэтімен кездесті. Алғашқы сетте Анна мен Джеймс 6:3 есебімен басым түссе, екінші партия да олардың пайдасына аяқталды — 6:1. Осылайша, Данилина мен Трейси чемпиондық үшін күресті жалғастырады.
Еске салайық, микстегі жарыстың алғашқы кезеңінде Анна Данилина мен Джеймс Трейси британдық Оливия Николлс пен Генри Паттенді жеңген болатын.
Айта кетейік, Анна Данилина әйелдер жұптық разрядында Қазақстанның бірінші ракеткасы саналады — ол WTA рейтингінде 14-орында тұр.