Австралияда финалға шыққан Елена Рыбакина қанша табыс тапты?
Қазақстандық теннисші, WTA рейтингіндегі әлемнің №5 ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open 2026 турнирінің финалына шықты. Осы нәтижесінің өзі оған қомақты сыйақы әкеледі.
Финалға шыққаны үшін қанша ақша беріледі?
Ресми жүлде қорының бөлінісіне сай, финалист (яғни, екінші орын) атанған теннисші 2 150 000 австралиялық доллар алады. Бұл сома Рыбакинаға финалға шыққан сәттен бастап кепілдендірілген табыс ретінде жазылады.
Аталған 2 150 000 AUD қазіргі бағаммен шамамен 763 929 110 теңге.
Чемпион болса, жүлдесі қанша болады?
Егер Елена Рыбакина Australian Open-2026 чемпионы атанса, жеңімпазға қарастырылған сыйақы — 4 150 000 австралиялық доллар.
Бұл сома шамамен 1 470 815 911 теңге.
Финал қашан өтеді және қарсыласы кім?
Шешуші матч 31 қаңтарда өтеді. Рыбакина финалда Беларусь өкілі, әлемнің №1 ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі.
Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуланы екі сетте ұтқан еді — 6:3, 7:6 (9:7).