Отандасымыз Australian Open-нің финалына жолдама алды. Жартылай финалда Елена Рыбакина еш қиындықсыз американдық Джессика Пегуланы екі сет қорытындысы бойынша жеңе алды.
Australian Open–2026 турнирінің финалына шығу арқылы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) әлемдік рейтингтің топ-3 қатарына қайта оралуын ресми түрде қамтамасыз етті.

Жартылай финалда Рыбакина АҚШ өкілі, рейтингте 6-орында тұрған Джессика Пегуланы сенімді түрде жеңді — 6:3, 7:6 (9:7). Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды.
Финалдағы нәтиже қандай болса да, Елена WTA рейтингінде үшінші орынға көтеріледі. Бұл — оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіштің қайталануы. Рыбакина алғаш рет 2023 жылдың маусым айында әлемнің үшінші ракеткасы атанған болатын. Жаңартылған рейтингте ол америкалық Аманда Анисимова мен Кори Гауффты артта қалдырады. Ал live-рейтингте қазақстандық теннисші қазірдің өзінде 3-орында тұр.
Australian Open–2026 турнирінің шешуші матчында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Соболенко жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны (12-орын) жеңген.
Айта кетейік, бұл — 2023 жылғы Australian Open финалының қайталануы. Ол кезде үш сетке созылған тартысты ойында Соболенко жеңіске жеткен еді.