18 жастағы қазақ теннисші сенсация жасап, чемпион атанды
Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда фаворитті жеңді
Турнирдің шешуші матчында 18 жастағы қазақ теннисші түркиялық Мерт Алкаямен кездесті. Рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласқа қарамастан Омарханов сенсациялық жеңіске жетті.
Үш сетке созылған тартысты матч 7:5, 1:6, 7:5 есебімен аяқталды.
Осылайша Әмір Омарханов турнир чемпионы атанып, кезекті титулын қоржынына салды.
Турнир бойғы тұрақты ойын
Жас қазақстандық теннисші жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласын тізе бүктірді. Ол чемпиондық жолында:
- италиялық Леонардо Россиді — 6:4, 2:6, 6:3
- британиялық Джеймс Коннелді — 6:4, 6:3
- Тьягу Торрешті — 6:1, 6:3
- германиялық Лука Веденманнды — 4:6, 7:5, 7:6 есебімен жеңіп шықты.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.