Қазақстандық теннисші Словакиядағы ірі турнирдің екінші айналымына шықты
Александр Шевченко Братиславадағы ATP Challenger санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
Шевченко алғашқы айналымда сенімді ойнады
Братиславадағы Challenger турнирінің бірінші айналымында Александр Шевченко ATP рейтингінде 263-орында тұрған румыниялық Филип Кристиан Жиянумен кездесті.
Қазақстандық теннисші алғашқы сетте қарсыласынан басым түсіп, партияны 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Екінші сетті жалғастыра алмады
Шевченко екінші сетте айқын басымдыққа ие болды. Есеп 3:0 болған сәтте румыниялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Александр Шевченко жарыстың екінші айналымына шықты. Кездесу 1 сағат 2 минутқа созылды.
Айта кетейік, Шевченко мен Жияну бұған дейін бір рет кездескен. Ол матчта да қазақстандық жеңімпаз атанды. Есеп 6:3, 6:3 болған.
Келесі қарсыласы кім?
Александр Шевченко екінші айналымда Гинек Бартон мен Бувайсар Гадамаури арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Гинек Бартон Чехия атынан өнер көрсетсе, Бувайсар Гадамаури Бельгия намысын қорғайды.