Рыбакина, Путинцева мен Данилина: Әлем бойынша қай орында?

Бокс шолушысы

Жуырда Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингін жариялады. 

Рыбакина, Путинцева мен Данилина: Әлем бойынша қай орында?
sport.orda.kz

WTA жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингіні ұсынды. Оған сай, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 8056 ұпай бар.

Әлемдік рейтингтің көшін Беларусь теннисшісі Арина Соболенко бастап тұр. Ол 8550 ұпай жинаған. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула түйіндеді. Оның көрсеткіші — 6300 ұпай.

Путинцева екі саты төмендеді

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева рейтингте екі орынға төмен сырғыды. Ол 904 ұпаймен 81-орынға жайғасты. 

Ал жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина позициясы өзгеріссіз қалды. Ол 6775 ұпаймен WTA жұптық рейтингінде алтыншы орында тұр.