Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде қарсылас шақ келтірмеді

Спорт шолушысы

Қазақстандық теннисші Гран-Канария аралында ITF W100 санатындағы турнирдің жұптық бәсекесінде жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде қарсылас шақ келтірмеді
фото ашық дереккөзден алынды

Жібек Құламбаева жұптық сында чехиялық Анна Шишковамен бірге өнер көрсетті. Турнирде екінші нөмірмен тіркелген дуэт финалда чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиза Заарға қарсы ойнады.

Шешуші матчта Құламбаева мен Шишкова қарсыластарынан 6:3, 7:6 есебімен басым түсті. Екінші сеттегі тай-брейк 7:3 нәтижесімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды.

ITF W100 Gran Canaria-Maspalomas турнирі 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Испаниядағы ашық топырақ корттарда өтті.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар болды.