Александр Бублик Канадаға бармайды

Бокс шолушысы

Александр Бублик Монреальдегі "Мастерс" санатындағы National Bank Open турниріне қатыспайды. 

Александр Бублик Канадаға бармайды
championat.com

Оның орнын кім басады?

National Bank Open турнирінің ресми сайты жарысқа қатысатын теннисшілердің жаңартылған тізімін жариялады.

Жаңа тізімде әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Александр Бубликтің есімі жоқ. Оның негізгі тордағы орнын австралиялық Ринки Хиджиката иеленді. Ұйымдастырушылар қазақстандықтың жарыстан бас тарту себебін нақтыламады.

Монреальдегі турнир қашан басталады?

Монреальдегі жарыстың іріктеу кезеңі 1 тамызда басталады. Негізгі тордағы кездесулер 2–13 тамыз аралығында IGA стадионының хард корттарында өтеді.

Турнирдің жеребе тарту рәсімі 31 шілдеге жоспарланған. Алғашқы 32 нөмірмен тіркелген теннисшілер бірінші айналым матчтарынан босатылады. 

Александр Бублик соңғы рет Австрияда ATP 250 санатындағы Кицбюэль турнирінде өнер көрсетті. Финалға дейін жетіп, француз Кентен Алиске 4:6, 6:7 (6:8) есебімен жол берді.