Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Александр Шевченко Стокгольмдегі турнирдің іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты
zakon.kz

Рейтингте жоғары тұрған қарсыласын жеңді

ATP әлемдік рейтингінде 107-орында тұрған Александр Шевченко іріктеу кезеңінің шешуші кездесуінде британиялық Джейкоб Фернлимен (90-орын) кортқа шықты.

Қазақстандық теннисші өзінен рейтингте жоғары орналасқан қарсыласына мүмкіндік бермей, екі сетте басым түсті. Матчтың қорытынды есебі – 6:2, 6:4. Осы жеңістің арқасында Шевченко Стокгольм турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Алғашқы кездесуінде де қарсыласын ойсырата жеңген

Бұған дейін Александр Шевченко іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында норвегиялық Виктор Дурасовичпен кездескен.

Әлемдік рейтингте 482-сатыда тұрған норвегиялық қазақстандық теннисшіге айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Шевченко екі сетте 6:1, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Осылайша Александр Шевченко Стокгольмдегі турнирдің іріктеу кезеңінде бірде-бір сет жоғалтқан жоқ.

Стокгольм турнирінің жүлде қоры қанша?

Швеция астанасында ұйымдастырылған теннис додасының жалпы жүлде қоры 723 435 еуроға тең.

Турнир жеңімпазы 110 055 еуро көлемінде ақшалай сыйақы алады. Сонымен қатар чемпионның еншісіне ATP әлемдік рейтингіне есептелетін 250 ұпай жазылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?