Қазақстандық теннисші АТР 250 турнирінің финалына шықты
Дода Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатыр.
Әлемдік рейтингте 197-ші орында тұрған отандасымыз Бейбіт Жұқаев ATP 250 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінің ақтық сынына шықты.
Іріктеудің бірінші кезеңінде Жұқаев испаниялық Моро Каньяспен (153 ATP) кездесіп, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтты.
Енді Бейбіт Жұқаев турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін аргентиналық Августин Гомеске (174 ATP) қарсы ойнайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.