Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Анна Данилина халықаралық турнирдің ширек финалына өтті

Сарапшы, спорт журналисі
09.10.2024, 23:29

Жарыстың екінші айналымында қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен испаниялық Кристина Буча және румыниялық Моника Никулескуден басым түсті. 

Анна Данилина халықаралық турнирдің ширек финалына өтті
olympic.kz

Жұптық сында Қазақстанның бірінші, ал әлемнің 31-ші ракеткасы Анна Данилина Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Екінші айналымда отандасымыз ресейлік Ирина Хромачевамен испаниялық Кристина Буча және румыниялық Моника Никулескуден басым түсті. 

Бірінші партияда испаниялық-румыниялық дуэт 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0. Осыдан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.

Енді Анна Данилина – Ирина Хромачева жұбы жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ші ракеткалары - канадалық Габриэла Дабровски және жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен шеберлік байқасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір