"Мені 400 рет зорлады". Француз теннисшісі бапкері жайлы ащы шындықты айтты

Редактор Penalty.kz
28.10.2024, 00:30

Жыныстық зорлық-зомбылық үшін аталған жаттықтырушы 18 жылға сотталды.

"Мені 400 рет зорлады". Француз теннисшісі бапкері жайлы ащы шындықты айтты
m.sport-express.ru

Француз теннисшісі Анжелика Коши бірнеше жыл бұрын өзінің жаттықтырушысы Эндрю Геддестің аморальды әрекетін айтып, қалың жұртты таң қалдырған болатын. Спортшының айтуынша, бапкер оған талай рет жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. 

Коши 1999 жылы 12 жаста болған кезде Париждегі "Сарсель" клубында Геддеспен жаттығуды бастайды. Себебі сол тұста жасөспірімдер деңгейінде мықты жаттықтырушы бірі болған. Сондықтан көптің қыздың арманы дәл осы бапкермен жұмыс істеу болған. 

Бастапқыда бәрі жақсы болған. Аталған маманмен Анжелика Францияның жасөспірімдер арасында нөмір екінші ракеткаға айналды. Бір күні Геддес оны ПСЖ футбол клубының ойынына апарады. Бірақ бұл әрекеті қызбен жалғыз қалудың амалы ғана болған. Бәрі сол уақыттан басталған. Нәтижесінде бапкер шәкіртін бірнеше жылда 400 рет зорлаған. 

"Ол мені күніне үш рет зорлайтын. Бірінші түні бөлмесіне баруды өтінді, бірақ мен бармадым, содан кейін ол менің бөлмеме келді. Мен өзімді түрмеде болғандай сезіндім. Қалаған кезімде шыға алмадым", — деді жәбір көрген спортшы.

Ал жаттықтырушының өзі бұл әрекетін былай түсіндірді:

"Кейде жаттықтырушы мен шәкірт арасында қарым-қатынас болатынын білесіздер. Біз уақытымыздың көп бөлішіг бірге өткіземіз, бұл қалыпты жағдай".

Эндрю бойжеткендерді басқа адамдардан толығымен оқшаулап тастаған. Олар базада өмір сүрген. Тіпті демалыс күндері де үйге бармай, сонда қалған. 

Геддес Кошиді манипулацияда ұстағаны соншалық, жас қыз түнде бапкердің бөлмесіне өзі бара бастаған. 

Кей қыздар "Сарсель" теннис клубының президентіне жаттықтырушының әрекетін айтып, шағымданған да көрінеді. Бірақ ол маманның жетістік пен нәтиже әкеліп жатқанын айтып, қолын сермесе керек. 

Арада жылдар өткен соң ғана Эндрю Геддестің шәкірттері сотқа жүгінуге шешім қабылдайды. Анжелика сот отырысына қатысып, жаттықтырушының жұмысы туралы бар шындықты жайып салады. Осылайша, бұл іс - француз спортында соңғы жылдары болған ең даулы іске айналады. 

Мәселенің мән-жайын анықтау кезінде бапкер қыздарды бопсалағаны анықталады. Геддес жыныстық қатынастарды таспаға тартып, кейін оны қызардың ата-аналары мен достарына көрсетемін деп бопсалап жүрген.

Ақырында 2021 жылы сот Геддесті 12-17 жас аралығындағы төрт қызға жыныстық зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 2
😂 1
😡 4

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір