Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA Финалдық турнирінің үшінші матчында әлемдік рейтингтің көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Penalty.kz.
Рыбакина сенсациялық жеңіске жетіп, матчты 6:4, 3:6, 6:1 есебімен аяқтады. Бірінші сетте екі теннисші де подача сақтауда қиындықтар көрді. Рыбакина 1:3 есебімен артта қалғанына қарамастан, ойын барысын өзгертіп, сетті өз пайдасына 6:4 есебімен аяқтады.
Екінші сетте ойын тұрақтала бастады, бірақ шешуші сәт Рыбакинаның подачасындағы сегізінші гейм болды. Қазақстандық теннисші тартысты күресте жеңіліп, сетті 3:6 есебімен аяқтады.
Көпшілік Соболенко ойынға толықтай бақылау орнатты деп ойлағанымен, шешуші партия Рыбакина үшін сәтті аяқталды. Ол жеті геймнің алтауында жеңіске жетіп, әлемнің бірінші ракеткасын тізе бүктірді.
Айта кету керек, Рыбакина турнирді итальяндық Жасмин Паолини (№4) және қытайлық Циньвэнь Чжэн (№7) алдында екі жеңіліспен бастады, бұл оған плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырды. Алайда соңғы матчта ол әлемдік рейтинг көшбасшысын жеңе алды.
Еске салайық, WTA Финалдық турниріне дейін Рыбакина тамыз айының соңынан бастап жарыстарға қатыспаған еді. Денсаулығына байланысты ол US Open-нің екінші кезеңінен кейін Сеул, Бейжің және Ухань турнирлеріне қатыспаудан бас тартқан болатын.