Рыбакина жаңа маусымды жаңа бапкермен бастайды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орын) өз командасымен жаңа маусымның қамына кірісті.
Физиотерапевт Стефан Дюэль Instagram-да Рыбакинамен, сондай-ақ жаңа бапкері – Горан Иванишевичпен түскен фотосуретін жариялады.
Дәл қазір Елена Рыбакина Дубайде (БАӘ) жаттығулар өткізіп жатыр. Қазақстандық теннисшіні көп жыл бойы жаттықтырған Стефан Вуковпен келісім тамыз айының соңында үзілді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.