Жібек Құламбаева Үндістандағы кезекті турнирде кортқа шықты
Нави-Мумбайда теннистен ITF W50 турнирі басталды.
NUR.KZ
Құламбаева бірінші айналымда жапониялық Хироко Куватаны 6:2, 6:3 есебімен оңай ұтты.
Қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде 320-орында тұр.
Сонымен қатар Жібек жарыстың жұптық сынында да өнер көрсетеді. Ол үндістандық Шривалли Бхамидипатимен корт иелері Шехаль Мане – Сонал Патилмен шеберлік байқасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet