ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирде топжарды

18 жасқа дейінгілер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің чемпионы атанды.

 

 

Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирде топжарды
liter.kz

Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты.

Олар финалда швейцариялық Анри Берно – чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов/Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті – 3:6, 6:1, 10:1.

Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өтеді. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі. Матчтар жасыл топырақ төсенішінде ашық корттарда ойналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?