Жібек Құламбаева финалға өте алмады
Қазақстандық теннисші Жібек Кұламбаева Шривалли Бхамидипатимен жұптық бәсекеде Нави-Мумбаи турнирінің финалынан тыс қалды.
sportburo.kz
Құламбаева/Бхамидипати дуэті жартылай финалда үнділік Рия Бхатия/Зил Десаиге – 3:6, 6:3, 5:10 есебімен жол берді. Айта кету керек, қазақстандық-үнді жұбы бұл кездесуде айқын фаворит саналған.
Бұның алдында Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 337-орын) Нави-Мумбаи турнирінің жекелей сынында сүрінген. Ширек финалда индонезиялық Приска Мэделин Нугроходан (401-орын) екі сет қорытындысы бойынша жеңілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet