Рыбакина ресейлік вундеркиндтен айласын асыра алмады

Сарапшы, спорт журналисі

Дубайдағы World Tennis League көрмелік турнирде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингте 6-орын) ресейлік Мирра Андреевамен (16-орын) кездесті.

Рыбакина ресейлік вундеркиндтен айласын асыра алмады
Vesti.kz

Рыбакина Андрееваға 2:6 есебімен жеңілді. Матч небәрі 28 минутқа созылды. Елена Рыбакина “Сұңқарлар” командасының намысын қорғаса, Мирра Андреева “Қаршығалар” атынан өнер көрсетеді. 

WTA турдағы Рыбакина мен Андреева арасындағы ресми матчтарға келер болсақ, олар былтыр Бейжіңде кездескен. Сол кезде Рыбакина — 2:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жеткен. Көпшілік 17 жастағы Андрееваны жетістіктері үшін вундеркинд деп атап кеткен.  

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір