Қазақстан United Cup турнирінің жартылай финалына өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Австралияда теннистен United Cup-2025 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан ширек финалда Германиямен матчтық кездесу өткізді. 

Қазақстан United Cup турнирінің жартылай финалына өтті
RunaSport

Бірінші болып кортқа Елена Рыбакина (WTA рейтингте 6-шы орын) шықты. Ол Лаура Зигемундты (80-ші орын) екі сет нәтижесінде — 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Александр Шевченко (ATP рейтингте 78-ші орын) қорғады. Оның қарсыласы Дэниель Мазур (254-ші орын) болды. Матч 6:7, 6:2, 6:2 нәтижесімен Шевченконың жеңісімен аяқталды. 

Осылайша Қазақстан United Cup-тің қазіргі чемпионынан басым түсіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір