Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик, ATP әлемдік рейтингінде 33-орында тұрған теннисші, спорттық мансабы аяқталғаннан кейін қайда тұрғысы келетінін айтып берді
27 жастағы Бублик Ленинград облысында дүниеге келген, 2016 жылға дейін Ресейдің атынан өнер көрсеткен, ал сол жылдан бастап Қазақстанның атынан ойнайды.
Бұған дейін теннисші Александр Бублик Гатчина қаласынан екенін және кәсіби мансабы аяқталғаннан кейін Санкт-Петербургке көшу ниеті туралы айтқан болатын.
«Монако немесе Астана емес, неге Петербург?»
— «Монако суреттерде, кинофильмдерде, машиналар мен әдемі көріністермен көрсетілгенде — бұл бір бөлек. Ал, ол жерде өмір сүргенде... Әрине, мен орыс адамымын, Қазақстанның атынан ойнасам да, соған мақтанамын. Астана маған көп көмек көрсетті, бірақ мен орыс адамымын, мені Санкт-Петербургке, оның адамдарымен бірге болуға тартатын сезім бар. Петербургті өте жақсы көремін, ол жақтағы адамдарды жаныммен жақсы көремін. Мүмкін, мен ешқашан осы қаладан бөлек өмір сүре алмайтын шығармын», — деді Бублик.
Мансабында Бублик төрт АТР титулын жеңіп алды, ал жұптық сында 2021 жылы Франция Ашық чемпионатының финалына шыққан болатын.