ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Анна Данилина Австралиядағы турнирдің ширек финалында

Жұптық сында өнер көрсететін отандасымыз алғашқы кездесуінде австралиялық дуэтті ойсырата жеңді. 

Анна Данилина Австралиядағы турнирдің ширек финалында
olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Австралияның Аделаида қаласындағы WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Ресейлік Ирина Хромачевамен бірге ойнайтын отандасымыз алғашқы кездесуінде австралиялық жұп Габриэлла Да Силва Фи/Оливия Гадекиден басым түсті. Есеп - 6:1, 6:1. 

Енді Анна Данилина/Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Эшлин Крюгер/Джессика Пегуламен шеберлік байқасады. Бұл жұп жарыстың 1-ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй мен латвиялық Елена Остапенконы ұтып кетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.