Юлия Путинцева Австралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Алелаида WTA 500 додасының ширек финалында ресейлік Диана Шнайдермен кездесті.
vesti.kz
Матч үш сағатқа үш сетке созылды. Путинцева бірінші сетті тайбрейкте — 7:6 (3) жеңді. Екіншісінде қазақстандық теннисші алда тұрған, бірақ тайбрейкте есе жіберіп алды. Ал шешуші сет 6:4 нәтижесімен Юлияның пайдасына аяқталды.
Путинцеваның жартылай финалдағы қарсыласы америкалық Джессика Пегула (WTA рейтингтегі орны – 7) болады. Ол Аделаидадағы турнирде бірінші нөмірге ие.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet