Борис Беккер: Елена Рыбакина Australian Open турнирінің басты фавориті

Сарапшы, спорт журналисі

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің 6 дүркін жеңімпазы Борис Беккер қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open турнирінің жеңіске үміткерлерінің бірі деп санайды.

Борис Беккер: Елена Рыбакина Australian Open турнирінің басты фавориті
sportrbc.ru

Былтыр Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатында екінші айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді.

“Әйелдер арасында менің фавориттерім – титулын қорғап жатқан Арина Соболенко, Коко Гауфф, Ига Швентек және Елена Рыбакина”, – деп келтіреді Tuttosport Беккердің сөзін.

Australian Open турнирінің қазіргі чемпиондары – италиялық Янник Синнер мен белоруссиялық Арина Соболенко саналады.