Анна Данилина екі сетте қарсылас шыдатпады
Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас жұпта Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Анна Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге алғашқы айналымда канадалық Габриэла Дабровски – бельгиялық Сандер Жиллемен кездесті.
Қазақстандық-финляндиялық жұп 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды. Келесі кезеңде олар ресейлік-британиялық Панова / Гласспул жұбымен шеберлік байқасады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.