Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына қиналмай өтті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін WTA рейтингінде 191-орындағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен өткізді. 

Рыбакина бірінші партияда бет қаратпады – 6:0.

Екінші сетте Йович ұзаққа созылған геймде есепті теңестірді – 1:1. Сосын тіпті брейк жасап кетті – 2:1. Дегенмен Елена алысқа ұзатпады – 3:3. Содан кейін өзі алға шықты – 5:3. Матчқа доп бергенде, қиналған жоқ – 6:3.

Елена Рыбакина төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, украиналық, 24 жастағы Даяна Ястремскаямен таласады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір