Australian Open турнирінде сынға түсетін қазақстандық жасөспірімдердің қарсыластары белгілі болды
Жасөспірімдер арасындағы теннистен Австралияның ашық чемпионатының жеребесі тартылды.
vesti.kz
Жасөспірім теннисшілердің әлемдік рейтингінде 4-орында тұрған Әмір Омарханов алғашқы айналымда америкалық Матисс Фарзаммен (ITF рейтингінде 45-орын) кездесу өткізбек. Отандасымыз былтыр құрғақ құрлықтың басты турнирінде жекелей сында ширек финалға дейін жеткен.
Ал ITF рейтингінде 39-орынға жайғасқан Заңғар Нұрланұлы турнирдегі алғашқы дебютін өткізеді. Оның бірінші қарсыласы аустралиялық Николас Бейкер (306 ITF) болғалы отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet