Сандуғаш Кенжебаева Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Анталия 2 (Түркия) ITF W15 турнирінің финалына шықты.
sportarena.kz
Кенжебаева бір апта бұрын түркиялық Илай Йорикпен бірге осы жарыста жеңімпаз атанған.
Бұл жолы чехиялық Элиска Тихачковамен жұптасқан Сандуғаш финалға барар жолда үш кездесуін сәтті өткізді. Жартылай финалда олар қытайлықтар Уайжинг Цао / Ле Вай Люді жеңді – 6:2, 6:3.
Енді финалда Кенжебаева / Тихачкова жұбына германиялық Штёр / бельгиялық Ван Импе дуэті қарсылас болады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet