Отандасымыз теннистен Антальядағы турнирде топжарды
Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Элиска Тишаковамен жұптық бәсекеде Анталья ITF W15 турнирінде үздік болды.
19 жастағы Кенжебаева 18 жастағы Тишаковамен Софи Стойер (Германия)/Амели Ван Импе (Бельгия) дуэтінен 1:6, 6:1, 10:8 есебімен басым түсті.
Бұл Сандуғаш үшін ITF дәрежесінде жұптық бәсекедегі төртінші титул болды.
Өткен аптада қазақстандық дәл осы турнирде түркиялық Илай Йорукпен бірге топжарған еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.