ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Елена Рыбакинаның Мельбурндегі ширек финалға таласы тартысқа толы болды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингте 7-орын) Австралия ашық чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетті.

Елена Рыбакинаның Мельбурндегі ширек финалға таласы тартысқа толы болды
ria.ru

Рыбакинаға америкалық Мэдисон Киз (14-орын) қарсы тұрды. Бірінші сетте 6:3 есебімен Киздің мерейі үстем болды. Екінші партияда Елена қарсыластың тас-талқанын шығарды – 6:1. Өкінішке қарай шешуші сет америкалық теннисшінің (6:3) жеңісімен аяқталды.

Мэдисон Киз ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен (27-орын) шеберлік байқасады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.