Australian Open: Әмір Омарханов былтырғы жетістігін қайталай алмады
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Австралия ашық чемпионатының ширек финалынан тыс қалды.
liter.kz
Оның үшінші айналымдағы қарсыласы швециялық Виллиям Рихтман болды.
Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басымдық танытқанымен, екіншісінде швециялық спортшы есе қайтарды – 6:4. Матч тағдыры тайбрейкте шешіліп, Рихтманның жолы болды – 7:6 (10:6).
Осылайша Мельбурнде Қазақстаннан ешкім қалмады.
Айта кету керек, былтыр Әмір Омарханов Үлкен дулыға турнирінің ширек финалында өнер көрсеткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet