Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Оэйраш қаласында теннистен Челленджер турнирі өтіп жатыр.  

Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің екінші айналымына шықты
sportburo.kz

Бейбіт Жұқаев бірінші айналымда корт иесі Гаштау Элиашты екі сетте тізе бүктірді. Қорытынды есеп – 6:3, 6:2.

Енді ол турнирдің ширек финалдық жолдамасын қазақстандық тағы бір теннисші Дмитрий Попкомен сарапқа салады.

Ал Денис Евсеев әлемнің 144-ракеткасы словакиялық Лукаш Клейнді оңай жеңді. Денис қарсыласына екі сет нәтижесі бойынша небәрі төрт гейм ұтылды. Оған екінші айналымда франциялық Валентин Ройе қарсы тұрады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір