Анна Данилина Австриядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Ширек финалда отандасымыз қарсыластарын ойсырата жеңді.
olympic.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Линцте (Австрия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге ширек финалдан сүрінбей өтті. Олар ресейліктер Анастасия Потапова – Яна Сизикова жұбын ойсырата жеңді. Есеп – 6:1, 6:2.
А.Данилина – И.Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары украиналық апалы-сіңлі Киченоктар болады. Кездесу бүгін өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet