ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Дэвис кубогы: Қазақстан – Пәкістан матчының жеребесі тартылды

Астанада теннистен Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобында 1-2 ақпан күндері өтетін Қазақстан – Пәкістан плей-офф матчының жеребесі тартылды.

Дэвис кубогы: Қазақстан – Пәкістан матчының жеребесі тартылды
zakon.kz

Сенбі күні ойын шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол пәкстандық Музамиль Муртазаны сынап көреді. Одан кейін Beeline Arena орталық кортында Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехманға кезек келеді.

Жексенбі күні Александр Шевченко – Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан – Музамиль Муртазамен шеберлік байқасады. Сонымен қатар жекелей сында Александр Шевченко – Хузайфа Абдул Рехман, Бейбіт Жұқаев – Музамиль Муртаза кездесулері жоспарланған.

Құрама капитандары бәсекеге бір сағат қалғанға дейін ойыншыларды алмастыра алады. Матчта үш ұтысқа қол жеткізген команда жеңімпаз атанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.