Дэвис кубогы. Қазақстан - Пәкістан матчы ірі есеппен басталды
Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф бәсекесінде Қазақстан мен Пәкістан теннисшілері кездесті.
vesti.kz
Әлемнің 75-ракеткасы Александр Шевченко мен рейтингі жоқ Музаммиль Муртаза бірінші болып кортқа шықты. Алғашқы сетті Шевченко 6:2 нәтижесімен аяқтаса, екіншісінде қарсыласына бар болғаны бір гейм ұтылды. Ойын бір сағат және екі минутқа созылды.
Осылайша Қазақстан Пәкістанға қарсы 1:0 есебімен алда тұр.
Келесі ойын Бейбіт Жұқаев (230) пен Хузайфа Абдул Рехман (рейтингі жоқ) арасында өтеді. 2 ақпанға жұптық сындағы кездесулер жоспарланған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet