Дэвис кубогы: Қазақстан - Пәкістан матчының жеңімпазы анықталды

Жекпе-жек шолушысы

Теннистен Дэвис кубогының екінші күні жұптық сындағы ойынмен басталды.

Дэвис кубогы: Қазақстан - Пәкістан матчының жеңімпазы анықталды
sports24.kz

Пәкістанға қарсы Қазақстанға үшінші ұпайды Александр Шевченко мен Тимофей Скатов олжалады. Олар екі сет нәтижесінде (6:4, 7:6) Музаммил Муртаза / Акиль Хан дуэтінен басым түсті.

Осылайша қорытынды есеп 3:0 болды. Қазақстан пәкістандықтарға қарсы ресми түрде жеңімпаз атанды.