Елена Рыбакина беделді турнир қарсаңында теннисшілер кешіне қатысты
Доха WTA 1000 турнирінің қатысушылары жарыс алдындағы теннисшілер кешінде болды.
Шараға Қазақстан өкілі Елена Рыбакина, белоруссиялық Арина Соболенко, ресейлік Дарья Касаткина және тағы басқалар қатысты.

Жүлде қоры $ 3 664 963 болатын Дохадағы турнир 9-15 ақпан аралығында өтеді. Әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек жарыстың былтырғы жеңімпазы саналады. Польша өкілі чемпиондық атағын екінші айналымнан бастап қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.