Елена Рыбакина мен ресейлік жұлдыз арасындағы матч нағыз триллерге айналды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орын) Дубайде өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында ресейлік Мирра Андреевамен (14-орын) кездесті.
Тартысты матч үш сетке созылып, Рыбакина Андреевадан 4:6, 6:4, 3:6 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша қазақстандық спортшы турнирдегі жорығын жартылай финалда тоқтатты.
Рыбакинаның Дубай турниріндегі жолы
Осыған дейін Елена Рыбакина Дубай турнирінде мықты қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті:
- Моюка Утидзима (Жапония, 62-орын) – 6:3, 6:2
- Паула Бадоса (Испания, 10-орын) – 4:6, 7:6, 7:6
- София Кенин (АҚШ, 56-орын) – 6:2, 7:6
Турнирдің жүлде қоры
2024 жылғы Дубай турнирінің жалпы жүлде қоры – 3 664 963 доллар.
Турнир жеңімпазы 597 000 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Рыбакина жартылай финалға шыққаны үшін 181 400 доллар және 390 рейтингтік ұпай еншіледі.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.