Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Анна Данилина WTA сериясының Меридеде (Мексика) өткен ірі турнирінің финалында өнер көрсетті.
Бас жүлде үшін өткен матчта Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева польшалық Катажина Питер және мысырлық Маяр Шериф жұбына қарсы ойнады.
Анна Данилина мен Ирина Хромачева үш сет қорытындысы бойынша қарсыластарына жол берді. Финалдық есеп – 7:6, 6:5.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.